"Hello, ауыл!" фильмі

Назарларыңызға жақында қазақ кино өнерінің комедия жанрындағы туындылары қатарын толықтырған "Hello, ауыл!" фильмін ұсынамыз. "Қазақ кинолары екі сценарий бойынша өрбиді: бірінде кейіпкер ауылдан қалаға, екіншісінде керісінше, қаладан ауылға барады", - деген әзіл бар. Бұл туындының өндірушілері де салынған жолдан таймаған екен. Оқиға желісі бойынша, жоғарғы оқу орнын қызыл дипломға бітіргелі жатқан студент абайсызда әкесінің ашуына тиетін қылық істейді. Баласынан мұндайды күтпеген отағасы онымен бәске түседі. Бәстің шарты бойынша бас кейіпкер ауыл мектебіне барып ұстаз болуы тиіс. Бала әкесінің шартын орындау жолында қандай қызықтарға тап болғанын видеодан көріңіздер.