Қазақ хандығы (9-10 бөлім)

Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының бірінші бөлімі бойынша түсірілген Қазақ хандығы туралы көп сериалы туындыны назарларыңызға ұсынамыз. 

Фильмге XV ғасырдың орта шеніндегі тарихи оқиғалар негіз болған. Ол – Алтын Орда ыдырап, оның орнында түрлі мемлекеттер пайда бола бастаған шақ еді. Осы бір алмағайып заманда Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын Керей мен Жәнібек сұлтандар да саяси ойындардан шет қалмай, артына ерген тайпаларды бастап өз басына жеке ел болуды ойластырады. Олардың бұл ойлары қырық жылдан бері Дешті Қыпшақ даласында билік жүргізген Әбілқайыр ханның бірқатар қателіктерінен кейін беки түседі. Көп күтпей қос сұлтан сәті түскенде Моғолстан жеріне көшіп, Есенбұға ханның қолдауымен жаңа мемлекеттің негізін қалайды.

Қазақ хандығы (1-2 бөлім)

Қазақ хандығы (3-4 бөлім)

Қазақ хандығы (5-6 бөлім)

Қазақ хандығы (7-8 бөлім)

Қазақ хандығы (9-10 бөлім)