Бабалар аманаты: Ұлттық аспаптар. Шебер
Қазақ саз аспаптарына бай халық. Атадан балаға мирас болып келе жатқан бұл аспаптардың бір тобының формасы, құрылымы өзгерсе, енді бірі бүгінге алғашқы қалпын сақтап жеткен. Ал сол аспаптар қалай жасалады? Оларды жетілдіру үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр? Біз ол жайлы көп ойлана бермейміз. Ойлансақ та, түбіне терең бойлауымыз екіталай. Бүгін біз сіздерге қазақтың саз аспаптарын жасап қана қоймай, оларды дамытуға үлес қосып жүрген белгілі шебер Абдрахман Нұрлан Абдуллаұлымен өткен сұхбатымызды ұсынамыз. Сұхбат барысында бұл өнердің өткені мен бүгіні, болашағы жайында қызықты әңгіме өрбіді. Назар салыңыздар!