Бабалар аманаты: Ұлттық аспаптар. Сазсырнай.
Сазсырнай - қазақтың ұлттық үрмелі аспабы. Оның пайда болған мерзімі дәл белгіленбесе де, қалай, не мақсатпен шыққаны белгілі. Баласының тәлім-тәрбиесіне ерекше назар аударған халқымыз олардың ойыншықтарын да өз қолдарынан жасап берген. Кейіннен әсем үніне тәнті болған бабаларымыз оны аспап ретінде пайдаланған. Үрмелі аспаптың ерте заманда қандай болғаны мен бүгінгі өзгерісі туралы видеороликтен тамашалай аласыздар.