"Атакәсіп" - Торсық жасауды үйрену
"Білім және Мәдениет" арнасы ұсынған "Атакәсіп" бағдарламасының бүгінгі саны Орталық Азиядағы түрік халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы торсыққа арналмақ. Шығарылым барысында жүргізуші Самат Толықбай арнайы шеберханаға барып, түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен дайындалатын осы бұйымды жасаудың жолын үйренеді.