"Атакәсіп" - Сақ моншасы
Халқымызда "Ауру жел арқылы кіріп, тер арқылы шығады" деген қағида бар. Оны берік ұстанған бабаларымыз ежелден терлеудің дертке ем болатын түрлі әдістерін ойлап тапқан. Олардың қатарына қарақұрт жеп семірген қойдың терісіне орану, "бөгелектің ыстығы" кезінде құмға көмілу, күлі алынған жерошақтың орнына төсек салу, от жағылған орға түсу амалдары кіреді. Назарларыңызға "Атакәсіп" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бүгінгі санда адамды терлету үшін "тас бұлау" әдісін қолданатын сақ моншасы жайлы сөз қозғалмақ.