"Атакәсіп" - Пышақ жасау өнері
Алғашында тастан жаңқалап жасалып, кейін бадам дәні тәрізді сопақша пішінге келтірілген, қазір тұрмыста жиі қолданылатын саймандардың қатарына жататын пышақты адамдар сонау тас ғасырынан бастап пайдаланып келеді екен. "Атакәсіп" бағдарламасының бүгінгі саны осы құралға арналады. Шығарылымнан "Пышақтың қандай түрлері бар?", "Бәкіні қалай таңдау керек?", "Пышақтың саптары қандай болады?" деген секілді сұрақтарға жауап таба аласыздар.