"Атакәсіп" - Қыстау
"Білім және Мәдениет" арнасы ұсынған "Атакәсіп" бағдарламасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. Халқымыз ежелден айналысып келе жатқан кәсіп түрлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында қолға алынған жобаның бүгінгі санында жүргізуші Самат Толықбай Алматы облысындағы Жарсу елді-мекеніне аттанып, көшпелілер тұрмысымен танысып, қыстаудағы малды бағып-баптауды үйренбек.