"Атакәсіп" - Құрақ көрпе
Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб және неше түрлі нақыштағы оюлардан, өрнектерден құралған құрақ көрпе әр қазақтың үйінде бар. Алайда қазіргі таңда ол көрпелерді арнайы шеберлер немесе үлкен әже, апаларымыз ғана тіге алады. Ал жастар жағы құрақ құру технологиясын меңгермеген десек, қателеспеспіз. Осы жайтты ескеріп, "Атакәсіп" бағдарламасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл саннан құрақ құру технологиясы жайлы толық ақпарат ала аласыздар.