"Атакәсіп" - Қой қырқу
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер алынады. Халық шаруашылығында, әсіресе, қой жүнінің орны ерекше. Осы жайтты ескере отырып, "Атакәсіп" бағдарламасының кезекті санын қой қырқу науқанына арнадық. Назар салыңыздар.