"Атакәсіп" - Жылқыларды жайлауға көшіру

Көшпелі халқымыз жыл мезгілдеріне қарай қонысын ауыстырып отырғаны белгілі. Дәстүрлі қазақ тұрмысында бұл науқан барлық сән-салтанатымен ұйымдастырылған. Назарларыңызға "Атакәсіп" бағдарламасының көшке арналған шығарылымын ұсынамыз. Бүгінгі санда жүргізуші Самат Толықбай малшыларға жылқыны қыстаудан жайлауға айдап апаруға көмектеседі. Бұл сапарда ол қандай қиындықтарға тап болғанын видеодан көріңіздер.