"Атакәсіп" - Ағаш ою өнері
Ата-бабамыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан болар, халқымыз ертеден бері бұл шикізаттан жасалған бұйымдарды кеңінен қолданып келеді. Қазақтың киіз үйі, тұрмыстағы ыдыс-аяғы, қаруларының бөлшектері мен қамшысы — барлығына ағаштың қатысы бар. Бір қарағанда өңдеуге жеңіл көрінетін бұл шикізатты кәдеге жарату да оңай емес. Ол үшін ағаштың түрлерін тани білуден бөлек, асқан шыдамдылық пен шеберлік керек. Назарларыңызға "Атакәсіп" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бүгінгі сан ағаш ою өнеріне арналмақ.