Үйге оралу...

Уақыт өткен сайын отбасылық құндылықтар шетке ысырылып, оның орнын мүлде басқа дүниелер басып жатыр. Өкінішке орай, бұл дерт ежелден туған-туысымен араласпауды ұят көрген қазақ қоғамына да еніп барады. Қазіргі күні көп әулетте ағайынның бас қосуы азайғаны өтірік емес. Назарларыңызға неміс режиссерлері дайындаған "Үйге оралу..." әлеуметтік ролигін ұсынамыз. Бұл туынды бір отбасының оқиғасы арқылы бүкіл қоғамға қатысты мәселені қозғаған.