"Сыйлық" әлеуметтік ролигі

Бала кезімде "Ауыл шетіне апарып тастап кет", - дегенді жиі еститінмін. Бұл әдетте үйдегі ұрғашы ит күшіктегенде айтылатын сөз еді. Келесі көшедегі Түгеншенің, көрші ауылдағы Пәленшенің солай істегені де балалар арасында көп айтылатын әңгіме. Сонда әлгі ауыл шетінде қалған күшіктердің тағдыры алаңдататын. Оларды тастап кететін үлкендер мен үшін жеккөрінішті болатын. "Сыйлық" – адам өмірімен әдемі байланыстыра отырып ауыл шетіне тасталған күшіктер мәселесін көтерген үздік әлеуметтік ролик. Көріңіздер! Ойланыңыздар!