Сенің еліңді қажет ететіндердің саны көп
"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік", - деген екен Абылай хан. Расында, қазір соғыс та, қару да басқа кейіпке ауысқан. XXI ғасырда соғыс ақпараттық деңгейде, білім мен ілім деңгейінде жүріп жатыр. Кім ақылды – сол жеңіске жетеді. Ақылсыздар – өз ішінде іріп, сыртқы күшке жем болуда. Еліміздің тыныш болғаны – ешқандай қауіп жоқтығын білдірмейді. Сол себепті де ойын мен бос күлкіні азайтқан абзал. Осы сөздерді төтесінен жеткізген бұл әлеуметтік ролик баршаңызға ой салады деген сенімдеміз.