Секта — дін емес
Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ұйымдар мен оларды таратушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Көбіне 19-45 жас аралығындағы жандарды қармағына түсіретін мұндай ұйымдардан келер қауіп көп. Соның ішіндегі ең қауіптісі — олардың өзіндік заңы, өзіндік ережесі бойынша өмір сүріп, басқа заң мен ережелерге бағынбайтынында. Назарларыңызға осы мәселені көтеріп түсірілген "Секта — дін емес" атты әлеуметтік роликті ұсынамыз. Тура жолдан адаспайық, ағайын!