Саусағынан бал тамған шебердің өнері
Қазақта "бес саусағынан бал тамған өнерлі адам" дейтін сөз бар. Бұл қолынан іс келетін, ісмер немесе тоқмашы, тігіншілерге қарата айтылған сөз. Төмендегі видеодан сіз таң қаларлық сәтті көресіз. Себебі қарапайым күнделікті ер-азаматтар қолданып жүрген темір құралдар арқылы жүзік жасайды. Ол жүзік тіпті күмістен аумайды десек артық айтқандығымыз емес. Шебердің әрбір ісіне мұқият қарар болсақ, бұл өнердің өзі ұзақ уақытты талап ететінін байқауға болады. Дегенмен өнердің аты өнер. Қолыңыздан келсе өзіңіз үшін бәрін жасап алудан асқан дүние бар. Видеоны тамашалағаннан кейін сіз де өзіңізге керекті дүние жасап көріңіз, қолыңыздан келеді.