Рақмет, Анашым!
Әке — қамқоршы, әке — тірек десек те, бала үшін ананың орны бөлек. Бірақ, өкінішке орай, ана жылуы мен махаббатын сезініп өсу барлық балаға бірдей бұйырмаған. Қоғамымызда анасынан ерте айырылған жандар жетерлік. Бұл, әсіресе, сәби үшін ауыр соққы екені айтпай-ақ белгілі. Дегенмен олардың қандай күй кешіп жүргенін өздерінен өзге ешкім түсіне алмас.