Өміріңді бағалай біл...
Жол ережесін бұзып, артынша: "Анаған бес мың бердім, жібере салды", "Ақшаны қағаздардың ортасына салып қойдым, бәрі дұрыс деді", "Ағама хабарласқан едім, кешірім сұрады", - деген әңгімені мақтанышпен айтатын немесе "2000 ұсынған едім, алмады", "Сөз тыңдамай айыппұл жазып берді", - деп пара алмаған полиция қызметкерлерін жамандайтын жандарды сіз де көрген боларсыз? Менің де достарымның арасында ондайлар көп. Олардың пара беріп құтылып кетуді дұрыс санайтыны көкейге өкініш ұялатады. Ал ұсынған ақшаны алмаған полиция қызметкерлерін ұнатпайтындары көңілге қаяу түсіреді. Жол ережесін бұзу — пара беріп, айыппұл төлеу ғана емес, өзіңнің және біреудің өмірімен ойнау екенін сол жандар уақытылы түсінсе екен дейміз. Назарларыңызға "Хикмет ТВ" арнасы шығарған әлеуметтік роликті ұсынамыз. Туындыны көріп, хикметін ұғуға тырысарсыздар деген ойдамыз.