Өміріміздің үнсіз куәсі
Бәріміз таңертең тұрғанда, сыртқа шығарда, үйге кіргенде, кешке жатар алдында айнаға қарап дағдыланғанбыз. Оған көп мән бермейміз. Бірақ пәлсапалық тұрғыдан қарасақ, айна – бала күнімізден бастап, қартайған шағымызға дейін біздің өмірімізге үнсіз ғана куә болатын зат екен. Назарларыңызға бір адамның өмірін айна арқылы көрсететін әлеуметтік роликті ұсынамыз. Бұл туындының айтпағы басқа болар, десе де айнаның адам өміріндегі маңызын ашып көрсете алған.