Кез келген тілге аударма жасайтын құрылғы жарыққа шықты
Технология дамыған сайын роботтар мен техникалық құралдар жетіліп келеді. Себебі адамзат даму мен ақпараттық кеңістікті меңгерудің заманында өмір сүріп жатыр. Осы қағиданы бек ұстанған ғалымдардың ендігі жетістігі аудармашылардың жұмысын тартып алуы да ғажап емес. Өйткені мына видеодан сіз "аудармашы" құрылғы арқылы өз тіліңізден кез келген тілге аударма жасай аласыз. Тіпті қатесіз әрі тура мағынасында сізге аудармасын жеткізетін болады. Бұл технология ғылымдары үшін үлкен жетістік болғанымен жұмыс күшін азайтып, жұмыссыздыққа алып келуі мүмкін. Дегенмен екі қолға бір күректің табылары анық. Жаңадан пайда болған құрылғы қазір тәжірибе жүзінде қолданыста. Болашақта бұл сатылымға еніп, дипломатиялық қарым-қатынастар мен адамдар арасындағы байланыстың негізгі құралына айналуы мүмкін.