Қас-қағым сәт

Адам өмірі түрлі таңдаудан тұрады. Оларға берілетін уақыт та әрқалай. Біріне ұзақтау, енді біріне тым қысқа. Бұл қысқаметражды туындының кейіпкері – өз жұмысын сүйіп істейтін фотожурналист. Қарулы қақтығыс аймағында сурет түсіріп жүрген ол қолына дорба ұстап, қиранды арасына қашқан кішкентай қызды көріп қалады да, сол қыздың артынан баруды жөн санайды. Көп ұзамай фотографтың алдынан үлкен таңдау шығады. Бірі – адам өмірі, екіншісі – сәтті кадр. Ол қайсысын таңдар екен?