Жемқорлық — қоғам дерті
Кейде жемқорлық біздің қоғамымыздың айықпас дертіне айналғандай күй кешесің. Белгілі украиналық телехикаяның кейіпкері айтқандай біз дүние есігін ашқаннан көретініміз сол жемқорлық. Алайда бұл өзімізге өзіміз ор қазу екенін біз көп ойлай бермейміз. Сөйте тұра елдегі білім деңгейі төмен, мәдениетіміз дамымаған, медецина өзгелерден артта жүр деп шамданамыз. Ал оған кім кінәлі: алғандар ма, бергендер ме? Мына ролик авторлары осы мәселені қоғам санасына жеткізудің жақсы амалын тапқандай. Көріңіздер. Ойланыңыздар.