Бүлдіршіннің бір жылы: бейбітшіліктен соғысқа дейін...

"Соғыс кімге керек?" деген сауал қойсаңыз ешкім "Маған!" деп жауап бермесі анық. Бірақ жер бетінде соғыс ешқашан тоқтаған емес. Бірі бітсе, екіншісі басталады, солай жалғасып келеді, жалғаса беретіндей. Назарларыңызға соғыс жайында түсірілген өте әсерлі әлеуметтік роликті ұсынамыз. Отанның бастауы саналатын отбасының ойрандалғанын бүлдіршіннің көзімен көрсеткен бұл туынды бүкіл адамзатқа ой салатын күшке ие.