Арманға апарар жолда...
Тамақтың бір түрін ғана жейтін томпақтар елінде көпшіліктен ерекше бір бала өмір сүреді. Оның ерекшелігі – ұшамын деген арманында. Өзгелер сияқты уайымсыз тамақ жей бермей, уақытын арманына апаратын жолды іздеумен өткізетін бала күндердің күнінде дегеніне жететініне сенімді.