Анаңа қоңырау шал, ол күтіп отыр...
Кейде күнделікті қарбалас тірлік деп адами құндылықтарды ұмытып жатамыз. Уақыт тапшылығын сылтау қылып жақындарымызға қажетті деңгейде көңіл аудармаймыз. Назардан тыс қалу, әсіресе, баласын өмір бәйгесіне қосып, үйде отырып тақымын қысқан ана үшін ауыр соққы. Перзентінің амандығын ғана білуді қалайтын жанға: "Жағдайыңыз жақсы ма? Мен аманмын!",- деген бір қоңыраудың өзі жеткілікті екені анық. Сондықтан күйбең тіршілік деп жүріп, көпшіліктің жіберетін қатесін қайталамауға тырысайық.