Анаңа қатты сөйлеме
Түн ортасында анаңыз хабарласса, қандай күй кешесіз? Алғашында алаңдайтыныңыз белгілі. Ал егер ол тек қалыңызды білу үшін қоңырау шалса ше? Нақты басып айту қиын, алайда, шаршап, көңіл күйіңіз болмай тұрса, тым кеш хабарласқанына ренжуіңіз де ғажап емес. Солай ғой? Серік Таласов түсірген бұл әлеуметтік роликтің бас кейіпкері сондай жағдайды бастан кешті. Бірақ анасының айтқан сөздері оны үлкен ойға салды.