Ана атанған иттің бір күні
Жануарлар әлемі сіз бен біз ойлағаннан да күрделі әрі қызық. Себебі олардың да тіршілік иесі ретінде өз өмірлері мен тыныс-тіршілігі бар. Соның ішінде иттің орны ерек. Ит – адамның досы. Бұл ежелден қолға үйретілген, ақылды әрі адамның тілін табудан алдына жан салмайтын жануар. Мына видеода жаңадан күшіктеген аналық иттің бір күндік әрекеті көрсетіледі. Адам секілді олардың да өз күйбең тіршіліктері бар екенін көріп таң қаласыз.
Күшіктеріне деген иттің аналық махаббаты әлеуметтік желідегі адамдардың көзіне жас алдырса, қызыққа толы қылықтары күлкіге қарқ қылды.