Ал сен қолымнан келмейді дейсің...
Кейде бір істі бастамай жатып "Мүмкін емес!", "Қой, мен ондай дүние істей алмаймын!", "Түгеншедей болу қайда..." деп, өз-өзімізді тоқтатып қоямыз. Сөйтеміз де, уақыт өткеннен кейін өкінеміз. Алайда адам қолынан келмейтін дүние кем де кем. Егер сіз бір нәрсені армандап, сол арманыңыздың орындалуы жолында нақты қадамдар жасай білсеңіз, онда міндетті түрде бәрі ойдағыдай болады. Назарларыңызға "Ал сен қолымнан келмейді дейсің..." атты әлеуметтік роликті ұсынамыз. Роликті көріңіз де, ендігіде "Қолымнан келмейді!" деген сөзді айтпауға тырысыңыз!