Ағылшын тілін үйренуге бел буған қария

Ғалымдар шет тілін бала кезде үйренген дұрыс дейді. Себебі бүлдіршіннің миы ақпаратты тез қабылдап, оңай игереді екен. Десе де, қартайған шағында жаңа тілді тез меңгеріп алған жандар да аз емес. Бастысы – мақсатыңа бар ыждаһатыңмен ұмтылу. Бұл роликтің кейіпкері – қарт поляк. Ол өзінің жасына қарамастан ағылшын тілін үйренуге ден қояды. "Қарияға жаңа тіл неге керек болды?", - дерсіз сіз. Жауабын видеодан біле аласыз.