"Kit-kat" жарнамасы: сәбилер биі
Қазір ақпарат алмасу, техникамен жұмыс жасау үлкен белең алып отыр. Бұл ғасырдың алдына қойған мақсаты. Адамдар осы мақсатта күресіп, жұмыс жасап келеді. Осы кеңістік ішіндегі тағы бір дүние – жарнама. Әрбір кәсіпорын, өндіріс өзінің өнімі тез әрі көп өткізу үшін жарнама ойлап тауып, оны халыққа ұсынады. Жарнаманың сапасы мен ерекшелігі адамның қызығушылығын оятады және сол затты сатып алуға ынтасын ашады.
Төмендегі видеодан "Кит-кат" шоколад өнімін өндіруші компанияның жасаған жарнамасын көруге болады. Жарнама қызықты әрі күлкілі түсірілген. Тіпті езуіңізді жия алмайсыз. Жарнамаға сәбилердің шығуы, оларды пайдалану қазір "модаға" айналғаны да өтірік емес. Бұл осы саланың ішкі саясаты деуге да болады. Дегенмен әр нәрсені орнымен пайдалан біліп, оны халыққа жақсы жағынан жеткізе білудің өзі үлкен еңбек.