Қыз болғаны үшін ғана 23 миллион аборт жасалған

Қорқынышты статистика! Кейінгі 50 жылда 23 миллион бала қыз болғаны үшін дүниеге келмеген.

Қыз болғаны үшін ғана 23 миллион аборт жасалған. Мұндай дерек америкалық Ұлттық ғылым академиясының журналында жарияланды.


Қыз бала болғаны үшін ғана аборт жасататындардың көбі Қытай мен Үндістанда екен. Ғалымдар мұны анықтау үшін 1970-2017 жылдар аралығындағы бала туу статистикасын бақылаған. Осы кезде ұл мен қыздардың статистикасы табиғи жолмен өрбісе, кейбір кезеңдерде ауытқу байқалған.


Зерттеушілер мұндай абортты ұл балаға басымдық беретін елдер көп қолданады дейді. Жыныстық алалаудың алдын алу үшін көптеген елде дәрігерлерге баланың жынысын жариялауға тыйым салынған екен.