Ақ маржан әнімен бүкіл қазаққа танымал болған Заттыбек Көпбосынұлының әндерінсіз бүгінде той өтпейтін болды. Қоңыр даусымен көңілді ән айтып, жұртшылыққа қуаныш сыйлайтын өнер иесіне тәнті болмайтындар кенде шығар. Бүгінде сонау кеңестік өкімет кезіндегі өзінің жасөспірім шағына саяхат жасап Бала махаббат деген тамаша туындыны өмірге әкелген екен. Ескі дәуірдің естеліктерін клип сюжетінде көрсете білген Заттыбек Көпбосынұлы бұл дүниесімен қазіргі ересек адамдардың сол балалық дәуреніне көз жүгіртіп қайтуға мүмкіндік берді. Сонымен тамаша клипті назарларыңызға ұсынамыз.