Соңғы уақытта Заттыбек Көпбосынұлы шығармашылықты қолға алған сыңай танытты. Жақында ғана жаңа бейнебаяны жарыққа шыққан әншінің тағы бір клипі көрменге жол тартты. Аңсар әнім атты махаббатқа арналған туындысы көпшіліктің көңілінен шығуда. Қонақ үйдің бір бөлмесіне жайғасқан сұлуға көрші болған үш жігіт қалай болса да аруды өздеріне қаратып алуды көздейді. Соңында әлгі қызды ұнатқан жігіт көңілді кеште домбыраның құлағында ойнап отырып, бірден тани кетеді. Екеуінің көзқарасы сәйкес келіп, ары қарай билей кетеді.