Заир Бегалы - Келерсің
Қазіргі таңда махаббат кейбір жандар үшін сөніп бара жатқандай. "Сені ғана сүйемін" деп он қызды алдап жүрген жігіттердің бойына ұлы сезім оңайлықпен қона қоймайды. Ал, осындай әрекеттерден сезіктенетін сұлулар да өз зерттеуін жүргізіп, теңін табуға тырысуда. Естігенде жүрек елжірегенімен, көріністе көңіліңізді көтеріп жібереді екен. Заир Бегалының орындауындағы "Келерсің" атты тамаша әуен дәл осы сюжетті сипаттайды. Бірден үш сұлуды қолына қондыруды ойлаған жігіттің жоспары тас-талқан болады.