Ұшқын Жамалбек - Мен қазақтың баласы
Мекені Алтай Атыраудың арасы,
Тау бауыры өзен-көлдің жағасы.
Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған,
Тегі мықты мен қазақтың баласы.
Жау қолынан жыртылмаған жағасы,
Ат үстінде ғұмыр кешкен бабасы.
Теуіп қалса, темір үзіп кететін,
Қайсар туған мен қазақтың баласы.
Қайырмасы:
Жаратқан Алла – панасы,
Бесігі – байтақ даласы.
Алашым деп аттанса,
Ешкімнің келмес шамасы.
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, толғаған
Танысаңдар мен қазақтың баласы.
Жасытпаған дұшпанының жаласы,
Жыр-термеден табылатын дауасы.
Жанын берер, барын берер ел үшін, жер үшін,
Сертке мықты мен қазақтың баласы.
Топқа түссе, тақым қысар анасы,
Тулап кетсе, тасты үгітер тағасы,
Ел сенімін, ер сенімін ақтаған, сатпаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы.
Қайырмасы:
Жаратқан Алла – панасы,
Бесігі – байтақ даласы.
Алашым деп аттанса,
Ешкімнің келмес шамасы.
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, толғаған
Танысаңдар мен қазақтың баласы.