Ұлытау - Терісқақпай

Қазақтың делебе қоздырып, әуезді әуенмен сүйектен өтіп, санаңа жететін күй өнері күллі алаштың мәртебелі айбыны емес пе?! Қандай оқиғаны  болмасын көз алдыңа елестете білетін мұндай құдіретті күйді орындау екінің бірінің қолынан келмейді. Бүгінгі назарларыңызға ұсынатын бейнебаянымыз талай сайыста топ жарып, бой шымырлатар күй көңіліне кіргізе алатын "Ұлытау" тобының "Терісқақпай" күйіне түсірген. Бойдағы балқып тұрған бөрінің қайтадан көтеріліп, рухтануына септігін тигізеді деген ойдамыз.