"Тұма" тобы - Суретші

Қазақстандағы рок жанрына тың серпіліс әкелуге әрекет жасап жүрген "Тұма" тобының жігіттері "Суретші" деп аталатын әдемі бейнебаянын жарыққа шығарды. Ерекше естілетін әннің музыкасын да, сөзін де, тіпті бейнебаянын да мақтап жатқан жұрт жетерлік. Шынымен де ақ түсті жарыққа, қара түс арқылы түскен жігіттердің әрбір қимылында тамаша көріністер көрсетіледі. Гитараның керемет үнін өз әндеріне әдемі үйлестіре білген топ мүшелері сөзінің де керемет болғанына ерекше мән берген екен. Сонымен "Тұма" тобының таңғалдырарлық бейнебаянын тамашалаңыздар.