Төреғали Төреәлі & Еркеш Хасен - Сүйіп сүймей
Кей кезде саған ашуланам,
Ашылмай көңіл аспаны.
Ғашықтар сынды қосылмаған,
Сағына ма деп басқаны.
Жанарыңның жалынына күйем,
Махаббаттан жаратылған кием.
Білесің бе сені қалай сүйем,
Сүйіп сүймей, сүйіп сүймей сүйем.
Жанардан түсіп жарық күші,
Жазылды жанның мұңдары.
Ер жігіттің ең қауіптісі
Гүлменен келіп тұрғаны.
Жанарыңның жалынына күйем,
Махаббаттан жаратылған кием.
Білесің бе сені қалай сүйем,
Сүйіп сүймей, сүйіп сүймей сүйем.