Төреғали Төреәлі & Диана Исмаил - Уәде қайда
Диана:
Мені көргенде, ғашықпын дедің,
Қуаныштан тасып тұр едің.
Төреғали:
Сені көргенде, сүйемін дедім,
Маған арман – шие еріндерің.
Диана:
Екеуміз шерткен сырлар-ай
Сендім, ешкімді тыңдамай.
Сөзіңде тұратын жігіт ең...
Бұл қалай?
Төреғали:
Болғасын әсем отадай,
Сөзіме сендің оп-оңай.
Адамның дегені болмайды,
Ботам-ай?
Диана:
Анда апармын дегенің қайда?
Мында апарамын дегенің қайда?
Париж, Лондон деп едің қайда?
Қайда екен?
Төреғали:
Егілме сен, езілме бұршақ.
Қарасармыз қолымда болса,
Армандайтын Европа сонша,
Ай ма екен?
Диана:
Қымбаттым, енді
Уақыт келді,
Аралайтын ел менен жерді.
Төреғали:
Мендей расында,
Дос табасың ба?
Бақыт – үйдің асханасында.