Өткен дәуірдің сал-серілері серуен құрғанда соңынан ерген сұлулар ән айтуын өтініп, өздерінің ауылдарынан барынша жібермеуге тырысатын. Неше түрлі әдемі қыз-қырқынды көрген жігіттердің жүрегі езіліп, таңға дейін ән шырқап, ауылдың көркін қыздырып кететін. Сондай ескі әннің бірін Тарту тобының орындауында тамашалаңыздар. Алқоңыр деп аталатын заманауй өңделген ән бойыңызды балқытып, бұрынғы Біржан сал, Естай сынды аты аңызға айналған әншілерді көз алдыңызға әкелері сөзсіз.