Тамара Асар – Сүйші мені ғана

Тәтті дауысымен, креативті клиптерімен көрермен көңілін көтеріп жүретін Тамара Асардың бұл жолғы бейнебаяны бақытты отбасының өмірін баяндайды. Жанға жылу ұялататын картинаға толы туындысын қабыл алыңыздар.

Ақ арманға шақырған
Бар ма сендей жақын жан?
Қандай ғажап өзіңмен, жаным
Таңымды атырған.
Жан сырымды ұғатын
Сүйеніш боп тұратын.
Сағынғанда күн боп алдымнан
Күліп шығатын.
Жаным, сенің «Бақыт» шығар шын атың.

Қайрмасы:

Сүйші мені, мені, мені, мені ғана
Жүрегіңмен махаббаттың демін ала.
Сүйші мені, мені, мені, мені ғана
Мен сүйейін сені, сені, сені ғана 2 рет.

Болашаққа жол ашқан
Бағытымыз көк аспан.
Сабырың бар еркелігіңмен
Егіз жарасқан.
Сөнбесінші бұл сезім,
Сүйгенімді бір сезім
Жаңа өмірге жетелеп, жаным,
Жүрші бір өзің.
Жүрегіме қуат берер бір сөзің.

Қайырмасы