Мария арман едің әнімен хит болған Асхат Тарғын бүгінде талай туындыны жарыққа шығарып, тіпті кейбіреулеріне бейнебаян да түсіріп үлгерген. Той әнімен көпшіліктің көңілін бірден тапқан сері танымал жұлдыз Тамара Асармен қосылып дуэт орындаған. Мен сендікпін деп аталатын әнге түсірілген клип негізінен қос ғашыққа арналады. Бірін-бірі ұнатып, мәңгі бірге болуға уәделескен жандардың жүрегінен ерекше орын алатын әуезді өлеңге сіз де құлақ түре отырыңыз.