Аялап баптап мәпелеп баққан,
Әкемнің ерке қызымын.
Әлдилеп мақтап жұлдызын жаққан,
Анамның жарық ізімін.
Қайырмасы
Маңдайдан сүйіп бетімнен өткен,
Әжемнің жұмсақ жүрегі – менмін.
Жаныма нұрлы шуағын төккен,
Атамның асыл тілегі – менмін.
Дауылмен желден қорған болатын,
Ағамның нәзік ақ гүлі – менмін.
Көңілге сая орман болатын,
Жеңгемнің шаттығымын.
Ұстаздарымның үмітін ақтап,
Болашағыма сенемін.
Достарға сыйлы құрметті сақтап,
Таза жолымен келемін.
Қайырмасы
Маңдайдан сүйіп бетімнен өткен,
Әжемнің жұмсақ жүрегі – менмін.
Жаныма нұрлы шуағын төккен,
Атамның асыл тілегі – менмін.
Дауылмен желден қорған болатын,
Ағамның нәзік ақ гүлі – менмін.
Көңілге сая орман болатын,
Жеңгемнің шаттығымын.