Сон Паскаль ана тілінде ән шығарды
Қазақстанда танылған италиялық әнші Сон Паскаль атамекенін бағындыруда. Жақында ол "Amore ubriaco" деген атаумен ана тіліндегі жаңа әнінің тұсауын кескен болатын. Махаббат жайлы әдемі ән бүкіл Италияға таралып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Назарларыңызға сол туындыға түсірілген бейнебаянды ұсынбақпыз. Бұл бейнебаянның ерекшелігі үзілмейтін бір кадрмен түсірілгендігінде. Бәрі мінсіз болуы үшін туындыға түскен актерлер қимылдарын бастан аяқ 15 мәрте қайталаған екен.