Sodiqjon - Qushni qiz
Жігіт атаулының жүрегін дір еткізер арулар қашан да ерлер әңгімесінің өзегі болары анық. Азаматтар кезек-кезек сұлуға жақындауға ыңғай танытып, өзіне қаратуға тырысады. Сырттай ғашық екенін көп айтпаса да, іштей ойлап жүретін жігіттер де бар. Сол уақытта қалың достың ішінен өзіне серік етіп, қылықтары мен әрекеті ұнайтын жігітті керім қыз өзі таңдайды. Барып сөз айтпаса да, өзгелердің ұсынған сыйлықтарын ысырып тастап, қалауы түскен жігітке ыңғай береді. Дәл осы жастық шақтың қызықты көрінісін керемет бейнебаянмен жеткізе білген өзбектің Sodiqjon атты әншісінің "Qushni qiz" (күшті қыз) деген клипін тамашалаңыздар.