Шамшырақ тобы махаббат туралы Мен сені сүйемін атты тамаша әндеріне бейнебаян түсірді. Ән сәл ертерек шыққандықтан жұртшылық бейнебаянын асыға күткенін пікір жазу арқылы білдіріп жатыр. Туған күн кешіндегі көріністерді бейнелеп, қос ғашықтың керемет махаббатын көрсете білген бейнеклип сіздің де көңіліңізден шығатынына семіміміз мол. Көңілді әуен маңайыңыздағы жағымсыз әсерлерді ұмыттырып, бақытты кезеңдеріңізді еске салады.