Шахаризат Сейдахмет, Бақытжан Желдербаев – Туған топырақ

"Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет пен "Алдаспан" тобының экс-әншісі Бақытжан Желдербаевтың орындауында жаңа бейнебаян жарыққа шықты. "Туған топырақ" деп аталатын әуезді әнге түсірілген клиптен дархан даламыздың көрікті жерлеріне көз жүгіртуге болады. Әннің айтылу нақышы мен сюжеттегі бейнелердің тамаша үйлесімі сіздің көңіліңізге ерекше әсер ететіні анық. Сонымен, жігіттердің жемісті жұмысын тамашалаңыздар.