Серік Ибрагимов – Түркістан

Топырағы әулиелі,

Ұл-қыздары тәрбиелі,

Жаны жайсан жандары бар

Жақсылықтың жанкүйері, Түркістан.

Мұхтарменен, Бекзат туған

Ерлігіне ел-жұрт құрған,

Әр құндығы қандай күтіп,

Құда қылған жекжат қылған, Түркістан.

 

Арулары сұлу келеді,

Жігіттері шымыр келеді

Тұрғындары жарқын жүзді,

Жүрегіне жылу береді.

Берілетін бір өмірді

Оңтүстікте сүру керек.

Түркістанда тұру керек.

 

 

Ай-күмбезді кесенелер

Көрсетті өмір кешер елдер.

Бабамыздың алған елден

Бағынысы еселенер, Түркістан.

Тарихымның бас қаласы

Берекенің бастамасы.

Түркілердің ғана емес,

Мәңгіліктің бастанасы, Түркістан.

 

Арулары сұлу келеді,

Жігіттері шымыр келеді

Тұрғындары жарқын жүзді,

Жүрегіне жылу береді.

Берілетін бір өмірді

Оңтүстікте сүру керек.

Түркістанда тұру керек.



Бөлісу: