Серік Ибрагимов - Сүйгендер ғана
Жанымның бере алмай керегің
Көшеге сыр айтып келемін.
Тіл қата ерігіп жүрегім
Сарқылмас сағыныш әуенің
Сарқылмас сағыныш дегенің, дегенің –
Сен едің жаным-ау, сен едің.
Бар әлем өзіңді есіме салады
Жүрегім қай күні сыңарын табады?
Өкпені ұмытып болайық біз бірге
Сүйгендер ғана кешіре алады.
Тек саған шынайы тіл қаттым.
Көңілдің жырларын тыңдаттым.
Мені сүйгенің нәзік жүрекпен
Қоштасқым келмейді, қымбаттым,
Жердегі ең нәзік жүрекпен, жүрекпен
Қоштасқым келмейді, қымбаттым.
Бар әлем өзіңді есіме салады
Жүрегім қай күні сыңарын табады?
Өкпені ұмытып болайық біз бірге
Сүйгендер ғана кешіре алады.